Балабақша туралы
"Нұрлы-2" балабақшасы — бұл баланың қауіпсіздігі, жан-жақты дамуы және бақытты балалық шағы кепілдендірілген мекен. Біз әрбір бүлдіршінге ерекше ықыласпен қараймыз. Балабақшамызда 2-6 жас аралығындағы 3 топ бар. Біздің басты жетістігіміз — мыңдаған саналы да тәрбиелі түлектеріміз. Олардың әрқайсысы мектеп қабырғасында үздік нәтижелер көрсетіп, үлкен өмірде өз орындарын табуда. Сонымен қатар, біздің тәрбиешілеріміз қалалық, республикалық байқаулардың жеңімпаздары атанып, балабақша атын үнемі биіктен көрсетіп келеді.
Тәрбиелеу-оқыту процессін ұйымдастыру
Ашенова Индира Аскербековна
Басшы
"Нұрлы-2" балабақшасы бұл әрбір ата-ананың сенімі мен әрбір баланың бақытты күлкісінің кепілі. Біз балаңыздың қауіпсіздігін, жан-жақты дамуын және жайлылығын бірінші орынға қоямыз.
Жаңалықтар мен іс-шаралар
Біз үнемі балаларға қызықты іс-шаралар ұйымдастырып отырамыз.
«Алтын күз» мерекелік ертеңгіліктері өтті
Балабақшамызда дәстүрлі «Алтын күз» мерекесіне арналған салтанатты іс-шаралар сериясы аяқталды. Бүлдіршіндеріміз күз туралы өлеңдер оқып, ән шырқады және өз қолдарымен жасаған табиғи бұйымдар көрмесін ұсынды. Көрмеге белсене қатысқан барлық ата-аналарға алғыс айтамыз!
Денсаулық апталығы: «Шынықсаң — шымыр боласың»
Балабақшамызда балалардың иммунитетін нығайтуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған «Денсаулық апталығы» ұйымдастырылды. Күнделікті таңғы бой сергіту жаттығулары, таза ауадағы спорттық эстафеталар мен қызықты ойындар балаларға ерекше қуаныш сыйлады.
«Ашық есік» күні: Болашақ тәрбиеленушілерді қарсы алдық
Болашақ ата-аналар мен бүлдіршіндер ғимаратты аралап, топтардың жағдайымен, ас мәзірімен және оқу бағдарламасымен танысты. Бізге сенім білдірген әрбір отбасына рақмет!
Үйірмелер
  • Ағылшын тілі
  • Хореография
  • Логопед
  • Робототехника
  • Құм терапиясы
  • Вокал
  • Спорт
Құжаттар бөлімі
Өзін-өзі бағалауы
Көру ↓
Құжаттар
Көру↓
Құжаттар
Көру↓
Байланыс
Е-15 көшесі, 9үй
+77022109922
+77759547386
ashenova_indira@mail.ru
Жұмыс уақыты 08:00-19:00
Made on
Tilda